Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-191801467141 %59 %
2020-02-201732507145 %55 %
2020-02-21000 %100 %

Екібастұзда «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша пәтер табыс етілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:15 - 2019/09/30


Екібастұзда «Ел үлесі пәтерге жобасы бойынша пәтер табыс етілді

Жұма күні Павлодар облысында «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті пәтердің кілті табысталды. Бұл облыс бойынша берілген 4-ші, ал республика бойынша табыс етілген 139-шы пәтер.

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы мешіттердің жамағаттары жинаған қаржыға сатып алынған пәтер Батан Жұмахан есімді тұрғынға бұйырды. Батан Жұмаханға пәтер кілтін екібастұздық жамағаттың алдында «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев пен «Зекет» қайырымдылық қорының Павлодар облысындағы өкілі Қанат Алпысұлы табыстады.

«Павлодар облысы бойынша «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті, төртінші пәтер табыс етілді. Пәтерлер қала мешіттері жамағаттарынан жиналған қаржыға сатып алынғанын бөле-жара атап өтуге тиіспіз. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табары анық. Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан ағайынға ризашылығымызды білдіреміз», – деді «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев.

Өз кезегінде пәтерге ие болған Батан Жұмахан «Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1053959
Пікірлер

Көрші сілтемелер

'Arial' size='1' color='#BDBDBD'>4236