Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

ЕЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/09/27


ЕЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгінгі қасиетті жұма Елорда жамағаты үшін айрықша қуанышқа толы болды. Қала шетінде орналасқан Байқоңыр ауданындағы Өндіріс елдімекенінде "Әр-Рахман" мешітінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Халық саны тығыз орналасқан бұл аудандағы басты мәселелердің бірі - құлшылық ордасының жоқтығы болатын. Көптен күткен қуанышты оқиғаға жиылған жамағаттың көптігі де осыны аңғарта түскендей. Алысқа сабылмай, жақын жерде Жаратқанға құлшылық жасауға мүмкіндік туғанына тұрғындардың барлығы да дән риза.

Құран аяттарымен шымылдығы ашылған игі шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, қасиетті құлшылық ордасының тұсауын кесті. Сондай-ақ, жамағатпен жұма намазы оқылып, сол ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары көпшілікке батасын берді.

Айта кетсек, бұрын "Нұр Астана " мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған Руслан Байзақов "Әр-Рахман" мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1053273
Пікірлер

Көрші сілтемелер