Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-181826512141 %59 %
2020-02-191801467141 %59 %
2020-02-201654482144 %56 %

ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/09/27


ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

Алматы қаласында апта басында басталған «Діни пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» атты 4 күндік семинар өз мәресіне жетті.

Бүгін семинарға қатысқан әр аймақтан келген 30-дан астам медресе-колледж ұстаздарына сертификат табыстау рәсімі өтті. Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов ұстаздарға сертификатты ресми түрде табыстады.

Семинар жұмысын қорытындылаған Мұрат Манапұлы:

«Құрметті ұстаздар, 4 күн ішінде маңызды тақырыптарда дәріс тыңдадыңыздар. Алған ілімдеріңізді шәкірттердің ой-санасына жеткізіп, тәптіштеп түсіндіріп бересіздер деген сенімдемін», – деп атап өтті.

Өз кезегінде медресе-колледж ұстаздары семинардан мол тағылым алғанын айтып, ұйымдастыру комитетіне алғысын жеткізді. Сонымен қатар игі шараның алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырыла беруіне тілеулестік білдірді.

Айта кетсек, республикалық семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО).

4 күндік семинарда «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты, ұстаз, «Нұр-Мүбәрак» университеті мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров пен «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов дәріс берді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1053236
Пікірлер

Көрші сілтемелер