Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1614946939 %61 %

«АСТАНА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 19:45 - 2019/09/10


«АСТАНА МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бүгін Елордада «Астана» медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды. Жаңа ғимараттың ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, т.б. мүфтият қызметкерлері мен елордалық имамдар қатысты.

2007 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен ашылған «Астана» медресесі бүгінге таңға дейін сегіз рет түлектерін ұшырып, еліміздің діни кадр даярлау жұмысына үлкен үлес қосып келеді. Соңғы жылдары орыс тілі бөлімі іске қосылып, жаңа оқыту жүйесі қалыптасты.

Соңғы жылдары медресеге түсуге талап білдірген шәкірттер санының көбеюіне орай «Астана» медресе-колледжі жаңа оқу жылында жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бүгін соның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елдегі діни кадр даярлау ісінің бір жүйеге түскенін айтып, сырттан шақырылатын мамандарға зәрулік жоқ екенін жеткізді. Білім жолындағы шәкірттерге ақ батасын арнап, үздік оқуларына тілектестігін білдірді.

Елорда тарихындағы айрықша оқиғаға қала әкімі Алтай Көлгінов те өз тілеулестігін білдіріп, арнайы құттықтау лебізін жолдады. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының бөлім бастығы Нұрдәулет Әлмұқан салтанатты шара аясында жамағатқа шаһар басшысының құттықтауын оқып беріп, ҚМДБ басшылығы мен медресе ұжымына алғысын жеткізді.

Үш қабаттан тұратын жаңа ғимарат ішінде шәкірттер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Демеуші азаматтардың қолдауымен барлық жатын бөлмелер мен оқу залдары, кітапхана мен дәріс бөлмелері, спорттық жаттығу залдары мен арнайы информатика кабинеті түгелдей жаңа жиһазбен жабдықталған. Сондай-ақ, медресе басшылығының ұйымдастыруымен шұғыл медициналық көмек көрсететін арнайы дәрігерлік бөлме де ашылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1046299
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жастар жылы: Таразда «Б 1 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 1 sagt
Египетте перғауындар дә 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 1 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 2 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 3 sagt
Оралда қос автокөлік со 3 sagt
Кубада бензин тапшылығы 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Менің жазғы демалысым 3 sagt
Оралда қос автокөлік тү 3 sagt
Шамалғандағы апат бойын 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 4 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 4 sagt
Футболдан кезекті қайыр 4 sagt
Шамалғандағы апат болға 4 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 4 sagt
Бас көлік прокуратурасы 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Иран әйелдері футбол та 5 sagt