Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Ашура оразасының артықшылығы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 20:00 - 2019/09/08


Ашура оразасының артықшылығы


Үкімі: Ашура күнінің оразасы міндетті емес, нәпіл оразалардан. Рамазан айында ораза тұту парыз етілген соң Пайғамбар (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күнінде ораза тұтуды сахабалардың еркіне қалдырған еді. Дегенмен, ораза ұстаған мұсылман үлкен сауапқа ие болмақ. Әрі бұл ораза болса, оның өткен жылда жасаған күналарына өтем болатыны жайлы да айтылған.

Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айының парыз оразасы мен Ашура күнінің оразасын ерекше күтіп, тұтқан.

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَحَرَّى صِيَامَ يَوْمٍ فَضَّلَهُ عَلَى غَيْرِهِ إِلاَّ هَذَا الْيَوْمَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَهَذَا الشَّهْرَ يَعْنِي شَهْرَ رَمَضَانَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбардың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күні және Рамазан айынан өзге күнді ораза тұту үшін ардақтап, күткенін көрмедім», – деген. Бұхари риуаят еткен.

Ханафи мазһабының ғалымдары Ашура оразасын ұстау - сүннет болып саналады деп белгілеген. Алайда, Ашура күнін жеке тұтпай, оған алдыңғы, не кейінгі күнді қосып тұтуы керек. Өйткені, Ашура күні ғана ораза тұту яһудилердің амалына ұқсап қалуы мүмкін. Сондықтан Ашура күнін жеке-дара тұтқанды тәнзиһан мәкрүһ (күнәсі аз ұнамсыз іс) деп айтылған. Олар дәлел ретінде төмендегі хадисті алға тартқан.

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «صُومُوا يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَخَالِفُوا الْيَهُودَ وَصُومُوا قَبْلَهُ يَوْمًا وَبَعْدَهُ يَوْمًا». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Ашурада ораза тұтыңдар және яһудилерге кері іс жасап, алдыңғы не кейінгі күнді де тұтыңдар», – деген. Ахмет риуаят еткен.

Ханафи мазһабындағы атақты пәтуа еңбектерінің бірі болған «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта «Ашура күнімен бірге оның алдындағы мұхаррам айының тоғызыншы күнін бірге тұту сүннет. Ал Ашура күнін жалғыз тұту мәкрүһ» делінген. Дегенмен, өзге мазһабтарда Ашура күнін жалғыз тұту мәкрүһ іске саналмайды.

Ибн Хажар әл-Әсқалани өзінің «Фатхул-Бари» атты еңбегінде: «Ашура оразасы үш деңгейлі: ең азы сол күнді ғана тұту; екіншісі оның алдындағы күнмен бірге тұту; ең көбі алдындағы және артындағы күндермен қосып үш күн етіп тұту».

 

Қалай болмасын, нәпіл ораза тұту Алла разылығына жеткізіп, күнәнің кешірілуіне себеп болатын аса сауапты ғибадат болмақ.

 

Ескерту! Биыл (2019 жыл) ашура күні Қыркүйек айының 9-жұлдызына сәйкес келеді!

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1045239
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 10 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 27 min
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 1 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 1 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 2 sagt
Хабарландыру! – S 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 4 sagt