Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

Бас мешітке жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 16:45 - 2019/08/30


Бас мешітке жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қызметтік ауыс-түйіс орын алды. Ашылғалы бері «Әзірет Сұлтан» мешітінде қызмет атқарып келген наиб имам Қуат Ерғалиұлының Түркия еліне оқуға аттануына байланысты шығарып салу рәсімі өтіп, орнына тағайындалған наиб имамды жамағатқа таныстырды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бұйрығы бойынша Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кірісті.

Жұмаға жиылған жамағатқа ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа қызметкерді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Алты жылдан астам уақыт бойы Өскемен қаласында ұстаздық қызмет атқарып, кейіннен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында бас имам болып жұмыс атқарған Ерболат Нұрылдаұлының біліктілігі мен білімі жайлы, қарым-қабілеті турасында лебіз білдіріп, жамағатқа қысқаша ақпарат беріп өтті.

Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы 1977 жылы 8-желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Үйленген, 3 баласы бар.

1995-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ совхозы «Таяқты ишан» мешіті жанындағы медреседе діни сауатын ашқан.
1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
2001-03 жылдары Сирия, Дамаск қаласындағы шетелдіктерге арналған араб тілі институтының толық курсын аяқтаған.
2012-14 жылдары «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті нуиверситетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.
2014-16 «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті нуиверситетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алып шыққан.

2006-12 жылдары ШҚО, Өскемен қаласы мешіттерінде ұстаз болып қызмет атқарған.
2013 жылы Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан өткен.
2015 жылы Малайзия Теренгану қаласындағы «Сұлтан Зайнуль Абидин» университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан аяқтаған.
2013-16 жылдары Алматы қаласы, Алатау аудандық «Заря Востока» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
2016-19 жылдары Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Нұртай» Орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс жасаған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1041115
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 10 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 27 min
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 1 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 1 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 2 sagt
Хабарландыру! – S 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 4 sagt