Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-15615321146 %54 %
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17515415137 %63 %

Наиб мүфти Ақтөбеде айт намазын жүргізді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 20:30 - 2019/08/11


Наиб мүфти Ақтөбеде айт намазын жүргізді

Әлем мұсылмандарының ұлық мейрамын Ақтөбе облысының жұртшылығы айрықша қуанышпен қарсы алды. Ақтөбе мешіттерінде таңғы сағат 7.00-де айт намазы басталды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, облыс жамағатын мерекемен құттықтады.

Аллаға құлшылықпен басталған мұсылман мейрамы, әрі қарай өзінің нақышты сән-салтанатымен ұлттық мерекеге ұласты. Өңір басшысы өз құттықтауында:

«Құрметті ақтөбеліктер, қадірлі жерлестер! Сіздерді қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау ұлық мерекеде адамдар құрбан шалып, бейбітшілік пен жақсылық жолында ұйысып, ізгі амалдар жасайды. Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрам. Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде. Бұл мемлекетіміздің руханиятқа жасаған айрықша қамқорлығының бір көрінісі», - деді.

Бұдан кейін Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан қажы Есмахан жұртшылыққа Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, халыққа ізгі тілегін арнады. Наиб мүфти айт намазын жүргізіп, хұтпа оқыды.

Облыс басшысы О.Оразалин көпшілікпен бірге киіз үйлерден дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалады. Жастарға ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Топ-топқа бөлінген жамағат арқан тартысып, күресіп, білек күшін сынасты. Жеңімпаздарға сый-сияпат үлестірілді.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1033166
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 4 min
Теннистен Азияның коман 19 min
Қарқаралының ұлттық пар 24 min
Көліктегі көп ойлар 1 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 1 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 1 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 1 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 1 sagt
Атырау облысында бетон 1 sagt
Исламдық қаржыланды 1 sagt
Индонезияда кеме өртені 2 sagt
Еліміз шеберлері қазан 2 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 2 sagt
Қазақстанда алғаш рет: 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Бразиля пәрләменті қауы 2 sagt
Полицейлер қарттар үйін 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы мен 2 sagt
1800-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚС 2 sagt
Шетелдегі жүңгөліқ мұһа 3 sagt
Қазақстан қажылық мисси 3 sagt
Елорда әкімі тұрғын үй 3 sagt
А қ ш - ның сыңар жақты 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Мемлекеттік қызмет істе 3 sagt
Әнглянің еврөпә одағына 4 sagt
Виртуалды зертхана мект 4 sagt
Киевте қонақүйден өрт ш 4 sagt