Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

Бас мүфти Елорда мешітінде айт намазын оқыды (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2019/08/11


Бас мүфти Елорда мешітінде айт намазын оқыды (ФОТО)

 

Бүгін еліміз бойынша жер-жерде Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі бастау алды. Енді үш күн бойы күллі жер бетін мейірімге орап, қайырымдылықпен қауыштыратын қасиетті мереке қазақ даласында өзіне жарасымды сән-салтанатымен имандылық думанына жалғасатын болмақ.

Елең-алаңмен ерте тұрып, құлшылық ордаларына қарай ағылған елордалық жамағат таңғы 7-де иін тіресе сап түзеп, айт намазын оқумен бастады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір өсиетінде: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – намаз оқу...», – деп атап көрсеткендей, қасиетті мереке құлшылықпен басталып, Бір Аллаға сыйынған мыңдаған жамағаттың тәкбірі мен дұғасына жалғасты.

Көлемі жөнінен Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің өзі бұл күні жамағат үшін бұйым болмады. Мешіт сыртына арнайы жайылған кілем үстінде күн шықпастан жайғасқан жамағаттың қаз-қатар бүгілген тізелер мен жайылған алақандары – жүректер бірлігі мен халық ынтымағының ыстық көрінісі болды. Айт намазынан соң мешіт ауласында басталған ұлттық ойындар сайысы мен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» де мешіттегі мерекенің мәнін арттырып, сәнін кіргізе түсті. Қауышқан құшақтар мен бір-бірін құттықтап, қауқылдасқан қуанышты жандарға толған құлшылық ордасындағы қасиетті мереке республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде осылай басталды.

Айт намазы алдында мешіт мінберіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шығып, жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Қасиетті мерекенің тарихын баяндап, тағылымын түсіндірген Бас мүфти уағызы жамағат үшін жанға азық болды. Раббысына бойұсынған күйде сап түзеп, қатар құраған жамағатқа Бас мүфти айт құтпасын айтып, ұлық намазды өткізді. Айт мерекесіндегі алғашқы амалды өтеп болған мыңдаған жамағаттың тәкбіріне ұласып, дұғасымен нәрленді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1033096
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Өтіріктен де ауыр күнә 2 min
Тянжин шинжяңға көмекте 2 min
Боливияда 500 мың гекта 2 min
Елорда әкімі екі мектеп 2 min
Балық аулау жарысын өтк 2 min
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 2 min
Қашан өлетініңді 10 жыл 2 min
«Астана» университетіні 5 min
Вакансиялар мен төлемде 11 min
Қазақстан құрамасы PES 12 min
Осы араны басып көріңіз 12 min
Жоғалған альпинистер әл 14 min
Мына дұғаны оқыған адам 17 min
Нұрлан Нығматулин: Қаза 17 min
Сұлу өнердің сыры 22 min
Қізмет өтеу сапасын жоғ 22 min
Ұлытауда халықаралық ау 22 min
Қызылордалық құрылысшы 22 min
Пөйез бекетінде заң үгі 22 min
Мұғалімдер бес күндік ж 22 min
Жаңа мектеп құрылысына 23 min
Мемлекет басшысы Талғат 29 min
Активное долголетие | Қ 1 sagt
«Елорда жастары сыйлығы 1 sagt
Головкин-Деревянченко ж 1 sagt
Шяңгәң районындағы әйел 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Сарапшы елорданың радиа 1 sagt
Алматыда кафе өртеніп ж 1 sagt
Ерекше қоналқылар саяха 1 sagt