Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

"БІР МЕЗЕТТЕ - БІР НИЕТ" ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 21:15 - 2019/08/10


"БІР МЕЗЕТТЕ - БІР НИЕТ" ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мекке шаһарында дəстүрлі “Бір мезетте - бір ниет” дұға айту шарасын өткізді. Арапат аймағында өткен шараға 200-ге жуық қажы қатысты.


Наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев бастаған дін қызметкерлері еліміздің игілігі, халқымыздың амандығы мен тыныштығы үшін, сонымен қатар ұрпағымыздың иманды, ибалы болуын сұрап, дұға жасады. Сонымен қатар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың келе жатқан Құрбан Айт мерекесімен құттықтауын жеткізді. Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, танымал уағызшы Әбдіғаппар Сманов, Қабылбек Әліпбайұлы елдің амандығы мен бірлігі, жас ұрпақтың иман жолына түсуін тіледі.

Белгілі ұстаз Сансызбай Құрбанұлының тебіреніспен жасаған дұғасынан бір топ қажы көзіне жас алды.


"Уа, Жаратқан Ием, біздің жанымыз бен тәнімізді жамандықтан сақта! Қазақ халқының, күллі мұсылман үмбетінің екі дүниеде абыройын арттырып, мерейін үстем еткейсің. Арафатта қол жайған құлдарыңның тілегін қабыл еткейсің", - деп жалбарынды.

Шара соңында Құран оқылып, қасиетті аяттардың сауабы марқұмдарға бағышталды. Қажылықтың негізгі шарттарының бірінен болған арафатта тұру парызын өтеушілерге нәсіп болды. Осылайша бір мезетте барша жан дұға жасады. Арафатта тұру уақыты ақшам намазына дейін жалғасады.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1032950
Пікірлер

Көрші сілтемелер