Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

«Халал даму» ұйымының сертификаты халықаралық дәрежеде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/08/08


«Халал даму ұйымының сертификаты халықаралық дәрежеде

Биылғы жылдың шілде айының 2-4 аралығында Өзбекстан республикасы, Ташкент қаласында орналасқан ООО «Craffers» кондитер зауытына аудит және оқу семинар жұмыстарын жүргізу мақсатында «Халал даму» ұйымының бас сарапшы-технологы Омарова Айжан арнайы іс сапармен барып қайтқан болатын.

Зауыттың жалпы аумағы 20 гектарды құрайды, ал өндіріс орны 35000 шаршы метр алаңды алып жатқан зауыт заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. 2017 жылы зауыт құрылысы толығымен аяқталып, ресми түрде ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі таңда 154 түрлі кондитер өнімдерін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан және Литва елдеріне экспорттайды. Өндіріс орнында тағам қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі ISO 22000 бағдарламасы енгізілген.

Тексеріс барысында кондитер өндірісінде қолданылатын қоспалардан зертханалық үлгілер алынып, Алматы қаласындағы Tree Gene зертханасында тексерілді. Зерттеу нәтижелері оңды шығып, халықаралық халал сертификат табыстау үшін «Халал даму» ұйымының директоры Елжанов Ануарбек арнайы сапармен барып қайтты.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1031929
Пікірлер

Көрші сілтемелер