Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-179534126 %74 %

БҚО-ҒА ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 23:15 - 2019/07/12


БҚО-ҒА ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қасиетті жұмада Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бұйрығымен Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы және облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазын жүргізіп, мешіт ұжымы мен Ақжайық жамағатына жаңа өкіл имамды таныстырды.

«Мұратбек Мұхтарханұлы әйгілі «Әл-Азхар» университетін тәмамдаған, діни білімі жоғары. 2013 жылдан бастап Орал орталық мешітінің наиб имамы, Орал медресесінің директорының орынбасары қызметін атқарды. Ендігі кезекте әсем Ақжайықтың рухани өміріне қалтықсыз қызмет етіп, бар біліктілігі мен білімін, ынта-жігерін осы өңірдің діни тұрақтылығын нығайтуға жұмсайды деп сенемін», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал, осыған дейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Еркебұлан қажы Қарақұлов ҚМДБ-ның Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti»  мешітіне наиб имамы,  Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы қызметіне ауысты. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев – 1983 жылы дүниеге келген.

2000-2005 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы гуманитарлық институты «Дінтану» факультетін;  2005-2013 жылдары  Египет Араб Республикасы Әль-Азхар халықаралық ислам университеті «Шариғат» факультетін тәмәмдаған.

2013 жылдан бастап «Орал» облыстық орталық мешітінің наиб имамы,

2015-2018 жылдары «Орал» медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың  5 шілдесінен бастап ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, БҚО орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Үйленген, бір ұлы, бір қызы бар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1022501
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жүңгө екөнөмикәсінің «ж 6 min
Ауа райы: Шілденің 17 к 1 sagt
Ж к п орталық көмитеті 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 1 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 2 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 2 sagt
Өңтүстік райондарда бір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 3 sagt
Түркістан облысында жол 3 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 3 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 4 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 4 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 5 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 5 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 5 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 5 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 6 sagt
Алты жастан төменгі бал 6 sagt
Қарағандылықтар аймақта 6 sagt
Казахстанцы могут обрат 6 sagt