Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-21488310821 %79 %
2019-07-22557193641 %59 %
2019-07-23315106937 %63 %

ЕҢБЕК НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/07/10


ЕҢБЕК НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

Жер шарымызда бүкіл жаратылыстың ішінен тек адам ғана еңбек деп аталатын іс-қимылдар кешенін асқан төзімділікпен, күнде, ерікті әрі саналы түрде жүзеге асыруға қабілетті екені бәрімізге белгілі. Адамдардың көпшілігі үшін еңбек етудің мотивация беретін ең маңызды нәтижелерінің бірі табыс табу екені, әрине, түсінікті жайт. Бұл қазіргі қоғамда еңбек ету үшін маңызды да өзекті себеп.
Дегенмен, бізге күнделікті, үйреншікті көрінетін еңбек атты процестің басқа да тамаша қасиеттері бар. Ең алдымен, еңбек – әрқашан да қолжетімді, тегін әмбебап антидепрессант, яғни, жалпы тіршілік тауқыметі мен ауыр ойлардан арылуға денсаулыққа еш залал келтірместен жәрдемдесетін құрал. Сүйікті ісіне бар жан-тәнімен беріле кіріскенде, адам бойында негативке орын қалмайды екен. Былайша айтқанда, Архимед заңы жүзеге асады: белгілі бір міндетті орындауға шұқшия берілу жан күйзелісін ығыстырып шығармақ.
Тіпті, қазіргі заманауи медицинада психикалық ауруларды ғана емес, бірқатар тән ауруларын да емдейтін еңбек терапиясы деген қызық термин бар. Емдеудің мұндай әдісі бірнеше ғасыр бұрын пайда болған көрінеді.
Бұған қоса, еңбек процесінен де, оның нәтижесінен де қанағаттану сезіміне ие болу – қосымша жағымды бонус. Жасампаздық, әсіресе ойдағыдай нәтиже берген шығармашылық әрқашан да адамға оң әсер етеді: өз ісіңнің нәтижесіне қарап тұрып, істеуге тұрарлықтай дүние жаратқаныңды сезіну жаныңа жылу ұялатады. Ең соңында, өз шығармаңды тарихқа қалдырған ізің ретінде қарастыруға болады.
Бұдан басқа, еңбек өз-өзіңді бағалап, маңызды екеніңді сезінуге, физикалық тұрғыдан және (немесе) зияткерлік тұрғыдан дамуға мүмкіндік береді, дағдыңды жетілдіріп, жаңа нәрсеге үйретеді. Көпшілік жағдайда тек еңбек қана қарапайым жанды өз ісінің майталманы етеді.
Кейбіреулер еңбек ұғымын қарабайыр, қарадүрсін дүниеге балап, тіпті, онымен айналысуды ар санап жатады. Бүгінде «барлығына уақытын да, күшін де сарп етпей тез қол жеткізу» қағидаты белең алды.
Бірақ, өз заманының ең ұлы ойшылдары мен шеберлері керісінше көп және жемісті еңбек ете алу мүмкіндігі мен қабілетін мақтан тұтқан. Мұны өзіне лайықты, үйлесімді санаған. Атақты спортшылар да қол жеткізген орасан жетістіктерін тоқсан пайыз ұзақ та, қажырлы жаттығулардың, тек он пайыз табиғи қабілеттерінің жемісі санайды.
Дей тұрғанмен, демалыс пен жақын адамдарыңды ұмыт қалдыратындай дәрежеде еңбекқор болу міндетті емес. Керісінше, «жақсы демала алатын адам жақсы жұмыс істей біледі» деген қағиданы естен шығармаған жөн. Іспен айналысу шаршаумен қатар, міндетті түрде ләззат сыйлауы да тиіс.
Негізі, қызмет түрін ауыстыру – бұл да өзінше бір демалыс, сондықтан бірқатар белсенді жандар еңбекті қызықты өмір сүру, тыныс-тіршілігін түрлендіру, әрдайым ілгері жылжу стилі, тәсілі деп таниды.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1021308
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақмолада киікті қорғаға 20 sek
Осы араны басып көріңіз 4 min
Үй жағдайындағы тырнақ 9 min
Елімізде қанша көл мен 9 min
Шымкент жастарының құқ 14 min
Автономялы райондық әйе 14 min
Тоғызыншы қабаттан құла 15 min
Қазақстан 60-тан аса ел 24 min
Алғашқы нәтижеге қараға 24 min
”шинжяңның ауыл шаруашы 1 sagt
Бұл Президент сынын ха 1 sagt
Жас босанған әйелдің өл 1 sagt
Жерді сату және жалға б 1 sagt
Ардақ Назаров жастарды 1 sagt
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt
Шетелдік жұмыс күші бар 1 sagt
Желтоқсанда жаңа Эколог 1 sagt
Үлкен наншан халықаралы 1 sagt
Сыртқы сауда дамуының с 1 sagt
Линжың юе – ы зорлықты 1 sagt
Агроөнеркәсіптік кешен 1 sagt
Египет шара қолданып, ә 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтөбеде бастауыш сынып 1 sagt
Биыл пайдаланылмаған же 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қарағандылық боксшы ҚР 1 sagt
Дети-бабочки нуждаются 1 sagt
Астанасының атауын билі 1 sagt
Қарағандылық боксшы Абы 1 sagt