Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-158524716 %84 %

БҚО: Ел үлесінен 95-ші пәтер



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:45 - 2019/07/02


БҚО: Ел үлесінен 95-ші пәтер

БҚО-да «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 95-ші пәтер берілді. Бас мүфтидің бастамасымен өткен жылы республика аумағында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында өңірдегі екінші баспана Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынан аз қамтылған отбасыға табысталды.

«Ел үлесі – пәтерге» – тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға халық болып қаражат жинап, үй алып беруді көздейтін жоба. Осылайша, жоба аясында – Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешітінің ұжымы және жамағатының қолдауымен аудан көлеміндегі мешіттерде жиналған қаражатқа Кеңтүбек ауылынан жалғызбасты анаға үй алып бердік. Бұл іске Бөрлі ауданының мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа алғыс білдіргіміз келеді. Бүгінгі қуаныш иесін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз. Қоныс құтты болсын,- деді өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов.

Бұл жанұяға баспанамен қоса қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш және т.б тұрмыстық қажетті жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта аудандық мешіт ұжымы жамағатпен бірігіп, жиһаздармен қамтамасыз етпекші. Айта кетейік, аталмыш жобаны мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіріп жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1017887
Пікірлер

Көрші сілтемелер