Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21416150765 %35 %

БАТЫРДЫҢ КЕСЕНЕСІНДЕ БОЛҒАН ӘҢГІМЕ | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 15:30 - 2019/05/22


Қаракерей Қабанбай батыр­дың кесенесінде жеті-сегіз адам тарих жайлы әңгімелесіп отыр­ғанбыз. Үстімізге үш-төрт қария кіріп келді. Құран оқылып, аман­дық-саулық сұрасқан соң ақсақалдардың үлкені:
– Біз – Қоңырқұлжа сұлтанның тұсында Ақ патша Ақмолаға Қазаннан көшіріп әкеліп, бұл жақтағы қазақтарға ислам дінін үйреткен әулеттің ұрпағымыз. Жерсінбеген біраз туыстарымыз кейін көшіп кетіпті. Ал біз тұрып қалыппыз, – деп әңгіме бастады.
Бұл сөз құлағымда бар. Ақса­қалға дөрекілеу сұрақ қойдым.
– Сонда, Сіздер татарсыз­дар ма, қожасыздар ма? Қожа­лар өздерін: «Арабтармыз», «Пай­ғамбардың ұрпағымыз», – дейді ғой?
– Татармыз, – деді ақсақалдар­дың үлкені. – «Қожа» деп барлық дін таратушыларды атайды. Әртүрлі нәсіл мен рудан тұратын топ жиналып, Хожент қаласынан дін үйреніп, жан-жаққа аттаныпты. Содан осы «Хожент» кейін қожаға айналыпты. Қожаның екінші мағынасы – «үйретуші» деген сөз. Біз сол Қоңырқұлжа тұсынан, тіпті, одан да бұрын Арқадағы қазаққа дін үйретіп келеміз.
Қонақтарымның осы сөзі қып-қызыл өтірік. Арқада екі жарым ғасырдай тұрып, Жетісу мен шығысқа қарай көшіп кеткен найман мен абақ керейге, осы өлкеде тұрақтап қалған ашамайлы керей мен арғынға татарлар Ислам дінін таратқан емес. Бұл тақырыпты біршама зерттегенмін. Алдымен ақсақалға қарсы шықпай-ақ қояйын деп бір түйдім де, іле үндемей қалсам, қазақтың есесі кететінін ескеріп, сөз суырдым:
– «Арқадағы қазаққа татарлар Ислам дінін үйретуге келді» деген­деріңіз түбірімен жалған.
– Е, неге? Неге жалған? Сенен бірінші рет естіп тұрмыз! – десті қариялар.
Байқаймын, сөзімді жаратпай қалды. Алайда, алдында кеңес құрып отырған жұрт ынта танытты.
– Сіздер ары кетсе, 1822 жыл­дары немесе Ақмола әскери бе­кінісі құрылған 1832 жылы келіп, қоныстандыңыздар. Солай ма? – деп мен сөзімді жалғадым.
– Рас, солай.
– Ол кезде Арқада тұрып жат­қан арғын, найман, керей рулары, алды 350 жылдай бұрын Са­марқан, Бұхара, Хиуа, Нұрата, Түркістан, Сырдария бойынан көшіп келген еді. Бұған дәлел най­манның түп атасы Өкіреш Шал – Самарқанда, Төлегетай – Сыр бойында жерленген. Өкіреш Шал, мөлшері ХІІІ-ХІV ғасырларда, Төлегетай ХV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар. Бұл найман жайлы.
Енді мына деректерге қара­ңыз­дар. Арғын, найман, керей Шыңғыс ханның ұрпақтары шайбанидтер билік жүргізген Бұхара, Самарқан, Нұрата, Түркістан, Сыр­дың жоғары жағына ХІІІ ғасыр­дың бірінші жартысында орналасып алды. Бұл – бұлтартпас тарихи факт. Өсіп, өнді. Бұл қан­дай өлке еді? Ислам дінінің өркендеп, қанат жайған аймағы емес пе еді? Найманның Ұлы атасы Өкіреш Шалдың моласы Самарқаннан отыз шақырым жерде. Төлегетай баба Сырдың бойында тынымдаған дедік.
Арғынға келейік. Бұхар жы­рау­дың елі Бұхар туғанда ХVІІ ғасырдың ортасында Бұхараны мекендегенін профессор А.Сей­дім­беков, Қанжығалы Бөгенбай батыр­дың елі осы кездерде бүгінгі Түркістан облысындағы Сайрам ауданындағы Бөген өзенінің бойын мекендегенін профессор Ж.Артықбаев, Қаз дауысты Қазыбектің Түркістан – Сыр өңі­рінде туғанын профессор Марданов пен әйгілі бидің ұрпақтары, ғалымдар анықтап жазып жүр. Бұл дау тудырмайды. Жоңғар шап­қыншылығының алдында Абай елі – тобықтылардың Сыр бойындағы Шиеліні ме­кен­дегені ғылыми тұрғыдан дә­лел­денген. Міне, арғындардың Арқаға орналасқанға дейінгі атамекендері. Найман да, арғын да сол кездегі қазақ арасындағы Ислам дінінің кіндігінде отыр. Исламнан әбден сусындап, бойына сіңірген ел.

Камал Әбдірахман,
Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы

(Толық нұсқасын газеттің №20 (3654) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=998454
Пікірлер

Көрші сілтемелер