Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21509174761 %39 %

«ЖАЗУШЫЛЫҚ – ТӘҢІР БЕРГЕН СЫЙ ЕМЕС» | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 18:30 - 2019/05/21


Алис МОНУРО:

Алис МОНУРО – канадалық жазушы. Ол «Көлеңкелер өлшемі» атты тырнақалды әңгімесімен-ақ бірден танылды. Ал «Көлеңкелер биі» атты туындысы Канададағы ең үлкен әдеби сыйлықты иеленген болатын. Швед академиясы оны «Заманауи әңгіме жазудың үздігі» деп бағалап, 2013 жылы Нобель әдебиет сыйлығын берді. Ол – Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш канадалық жазушы.
Шағын әңгімелерінің өзіне бір романның идеясын сыйғызып жазатын кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, басылып шықты. «Дауыс», «Қызыл көйлек», «Пойыз», «Құштарлық» сияқты туындылары Монуроның жазушылық шеберлігін, өзгеге ұқсамайтын стилі бар екенін аңғартады. Әдебиет сыншылары мен қаламдастары оған «Канаданың Чеховы» деген лақап ат қойған.

– Шығармаларыңызда әңгіме­шіл­дігіңіз менмұндалап тұрады, бұның жөні қалай?
– Үнемі әңгіме құрастырып, оны қағазға түсіруге дағдылан­ған­мын. Бала кезімде мектепке барар жол тым қашық болды, сол кезде әңгіме құрастырып, оны өзі­ме-өзім айтып беруші едім. Есейген сайын оңашадағы «әңгімелерім» көбейе түсті. Бірақ сол кезде құ­рас­тырған әңгімелерімді біреуге ұсынып немесе оны жариялауға ынтам болмады. Себебі, ол дүниелерді басқалардың білуін қаламадым. Ол әңгімелердің кө­бі сол сәтте ойыма алған құбы­лыс­тар туралы, өзім туралы, Ханс Ан­дерсеннің «Кішкентай су перісі» туралы болып кете беретін. Сол шығармадағы кейіпкердің сұң­ғылалығы, тапқырлығы арқа­сын­да өзі үшін көркем өмір жарат­қанына тәнті болатынмын.

– Айналаңыздағы табиғат, орта шығармашылығыңызға қандай шабыт берді?
– Мен ешқашан айналамнан шабыт іздеген жан емеспін. Бала кезімдегі секілді әңгіме құ­растырумен «ауыра бердім». Сол әлем, сол орта маған барын сыйлайды деп сендім. Сол үшін де ескі дағдымды үзбей жалғастырып келемін. Осы ар­қылы күндердің күні үлкен ау­ди­торияға, күллі оқырманға жүрегімде жазылған сырларды, атап айтқанда, әңгімемді жеткізе алатыным аян еді.

– Шығарма жазуда неге баса назар аударасыз?
– Бұл сұрағың өте орынды. Жаңадан жазып жүргенде туын­дымның сәтті аяқталуына көңіл бөлдім. Егер шығармам сәтсіз аяқталса, кейіпкерлерім әлдебір қиындыққа ұшыраса, мен оған шы­дай алмаймын. Жуықта, Эмили Бронтенің «Күркіреуік таулар» атты шығармасын оқыдым, аталған автордың бар өмірінде жазған жалғыз шығармасының соңы өте трагедиялы түрде аяқ­талған. Осыдан кейін мен өз
ойымды түбегейлі өзгертіп, қай­ғылы күйге ұшырадым. Көрдіңіз бе, шығарманың сәт­сіз аяқталуы оқыр­манға қатты әсер етеді. Бұл менің жеке көзқарасым. Бі­р­ақ­ бұндай пікірлер мен көзқарастарды бұдан бұрын да, менен бұрын да талай әдебиет сыншылары мен ақын-жазушылар жеріне жеткізе айтқан.

– Канаданың шағын қалашық­та­рының өмірін сипаттауда қандай қызықты жағдайлар бар деп ойлайсыз?
– Меніңше, әрқандай өмірдің, әрқандай ортаның өзіне тән қызықтары бар. Егер мен шағын қалашықта өмір сүрген болсам, қазіргідей батыл әрі өзгелермен бәсекелес бола алмас едім, ең маңыз­дысы, озық өркениеттен құр алақан қаларым даусыз еді. Бұл жағдайлармен күресуге дәр­менсіздік танытар едім. Әңгіме жазудың қалай болатынын білетін жалғыз адам – менмін. Бірақ бұл туралы айқай-аттан салып, өзімді жарнамалаған емеспін. Уақыт бәріне төреші екен, аз ғана уақыттың ішінде, мен өз арманыма жеттім, өз биігіме көтерілдім.

– Өз шығармаларыңызға қа­на­ғаттанып көрдіңіз бе?
– Көп жылдар бойы қанағаттанып жүрдім. Бірақ есейген соң, көптеген қаламгерлерге кез­десіп, пікірлескен соң, өз ойым­ның ағат екенін білдім. Осы жағ­дай­дан кейін, шығармашылық жұ­мыстың мен ойлағаннан да қиын әрі күрделі екенін таныдым. Бірақ күдер үзгем жоқ. Қолымнан келгенінше жақсы жазуға тырысып келемін…

Сұхбаттасқан
Стефан АСБЕРГ,
ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

(Толық нұсқасын газеттің №20 (3654) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=998060
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар