Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21320127968 %32 %

ТОҚАҢДЫ ТОСЫРҚАТҚАН ТОСЫН СЫЙЛАР | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/05/15


Самат СЛЯМҒАЗИН

Қалада 9 мамыр мерекесіне орай әртүрлі шаралар өтіп жатыр. Соғыстың саусақпен санарлық қана ардагерлеріне жеке кәсіпкерлер демеушілік ықы­лас­тарымен үлкенді-кішілі сыйлық­тарын жарыса таратуда. Сол ардагерлердің бірі – тоқсаннан асқан, омырауы түрлі орден, төсбелгілерге толған Тостақбай ақсақал. Оған тұрмыстық техникаларды өндіретін фирманың өкілі телефон шалады.

– Алла, ассалаумағалейкум! Мерекеңіз құтты болсын! Тос­тақбай ақсақалсыз ба?
Ақсақал: Мерекемен құттық­тағаныңа рахмет! Тостақбаймын. Қай бала екен бұл?
Өкіл: Мен тұрмыстық техникаларды өндіретін фирманың өкілімін. Сізге мерекеге бір тосын сый жасайын деп едім.
Ақсақал: Е-е-е, балам, рахмет сыйыңа. Бір аяғы көрде, бір аяғы төрдегі маған ешқандай сыйдың керегі жоқ.
Өкіл: Жоқ ақсақал, міндетті түрде алуыңыз керек. Сіз алдымен қандай сый екенін сұрасаңызшы.
Ақсақал: Ал, айта қойшы, қандай сый?
Өкіл: Мысалы, кір жуатын ма­шина. Ата, менің техни­ка­ла­рымның бәрі автомат. Мен сізге автомат беремін. Кнопкасын бассаңыз болғаны, жиырма минуттың ішінде бәрін бытырлатып шығарады. Артық-ауысты түгел жояды.
Ақсақал: Қой балам, автома­тыңның керегі жоқ. Бақандай төрт жыл ұстап, жоятынның бәрін жойып болғанбыз. Дәл қазір жоятындай артық-ауыс ештеңе жоқ. Ондай сыйыңа рахмет!
Өкіл: Ақсақал, автоматтан әбден зәре болған екенсіз. Онда полуавтомат берейін.
Ақсақал: Әй, балам, ол полуав­томатыңды да көргенмін. Соғыста полупулемет, полупистолет Шпагина дегендер болған. Сонымен талай фашисті жайратқанмын. Мені кіммен соғыстырайын деп жүрсің, мына бейбіт заманда.
Өкіл: Ой, ата, сіз қандай автоматты айтып тұрсыз. Мен автомат кір жуғыш машина берейін деп тұрмын. Ішіне кір киімді са­лып, кнопкасын бассаңыз болғаны, киі­міңіздегі кірлерден түк қоймайды.
Ақсақал: Рахмет, балам, ондай сыйыңа. Автомат атаулының атын да естігім келмейді. (Телефонды тастай салады).
Бес минуттай уақыт өткенде телефон қайта шырылдайды.
Ақсақал: Алло, тыңдап тұрмын, бұл кім екен?
Келесі бір фирманың өкілі: Ассалаумағалейкум, ата, қалыңыз қалай, апаның денсаулығы жақсы ма? Мерекелеріңіз құтты болсын! Мен шетелден тропикалық жеміс-жидектер тасымалдаумен айналысатын фирманың өкілімін.
Ақсақал: Балам, мерекемен құттықтағандарыңа рахмет, еңбегің жемісті болсын!
Өкіл: Ата, мерекемен құт­тық­таумен қатар, сіздерге қолда бар өнімнен сый-сияпат жасайық деп едік…

(Толық нұсқасын газеттің №19 (3653) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=995200
Пікірлер

Көрші сілтемелер