Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21416150765 %35 %

ДОСТАР | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 08:00 - 2019/05/15


Насыр ФАЗЫЛОВ

1962 жыл. 15 май. Көктем іші. Таңертеңгі сағат он бірлер шамасы. Аэропорт маңы ығы-жығы. Алматы аспаны жуылған шыныдай мөлдір. Жазушылар, ақындар, әртістер барлығы көшіп шыққандай. ИЛ – 18 самолетінен түскен өзбек әдебиеті мен өнер саңлақтары қазақстандықтармен сағыныса қауышуда.

(Басы №16 нөмірде)

– О, о, Ғафур бауырым!
– Яшин… Халимахан, айналайын…
– Миртемір жиен!
– Зульфия…Аман-саусыздар ма, амансыздар ма? Қош келдіңіздер!
Аэропорт басы у-шу: біреу-бі­реу­ді құшақтап жатыр, енді бірі са­ғынысқан достарын құшағына қау­сырып, жерден көтеріп алып, қайта қойып, сүйісіп, құшақтары десте-десте гүлге толып мәз-мейрам болып жатқан бір халық. Аэропорт маңы гүл алаңына айналып кеткендей.
Енді бір сәт Әнуар Бораевтың му­­зыкалық сылдырмағына тіл бі­тіп, ойнай жөнелді. Ешкімнің өті­ні­шін­сіз-ақ ортаға шыққан Ғафур ака та­қиясын желкесіне түсіріп билей жөнелді. Ақтарылған әзіл, күлкі.
Аэропорттағы қысқа ғана митингте Сәбит аға «қош келдіңіздерді» айтқан соң, барлығымыз көліктерге отырып, қонақтарға арнайы бөлінген үкімет үйінің тау баурайындағы бағына жол тарттық.
Үкімет үйінің бағы шын мә­нін­де жанға жайлы, ғажайып ме­кен екен. Бау – жап-жасыл ағаш­тар­мен көмкеріліп тұр. Өнер қайрат­керлерінің онкүндігіне келгендерді суретшілер суретке түсіріп жатқан кезде Айбек ұстазды көріп қалдым. Кейін білгенімдей, ол кісі самолетпен ұшуға денсаулығы көтермегендіктен, ал­дын ала пойызбен жеткен ек­ен. Суретке түсіп болған соң басшыла­рымыздың бірі Айбек акаға қамқор болуымды ескертті. Ол кісі сөз сөй­ле­генде қиналып, айтайын деген ойын жеткізе алмай, тұтығып қалатын еді. Әйтпесе Айбек ака қазақ тілін менен артық білмесе кем білмес, демек оның жеткізе алмаған сөзін ті­гісін жатқызып жеткізуім керек. Мен осылай түсіндім.
Белгіленген маршрут бойынша, ертеңіне Алматының күншығысына орналасқан Есік көліне бармақпыз. Қайтар жолда сол маңайдағы ауылдарда кездесу өткізу жоспарланыпты. Тырнадай тізілген жеңіл машиналар теп-тегіс асфальт жолымен жүйткіп келеді. Жаңа ғана жуылған шыныдай тап-таза аспанды ауыр бұлттар торлай бастады. Тауға таяп қалғанымызда төмендеген бұлттардың хабаршысындай мұздай тамшылар анда-санда тамып қояды. Жол бойы Есікке жеткенше жап-жасыл. Тауы да, тасы да, баулары да жасыл желек жамылған. Бейне жұмақ дерсің.
– Есікке шейін қанша шақырым? – деп сұрадым, жанымда отырған жолбасшыдан.
– Жетпіс бес.
– Бұл көлді неге Есік деп атаған?
– Көл таудың үстінде. Сол таудың үстінде қалаға жел өткізетін бір кетік бар. Сол кетікті Есік дейміз.
– Е, е, «самал соғып тұратын есік» деген мағынада екен де.
– Иә. Кейбір орыс достарымыз «есікке» тілдері келмей «иссик» атап кеткен. Ол «Ыстықкөл» қырғызда ғой, – деді…

Кітапты өзбек тілінен аударған
Х.ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ

(Толық нұсқасын газеттің №18 (3652) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=995024
Пікірлер

Көрші сілтемелер