Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21509174761 %39 %

КАФКАНЫҢ СОТЫ | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 02:30 - 2019/05/15


Ғалымдардың соңғы зерттеулері жағымды ақпараттардың адам денсаулығына оң әсер ететінін дәлелдеді. Жақсы хабардан жүрек және қанайналым жүйесінің қызметі жақсара түседі екен. Ендеше, әдебиет әлеміндегі жан жадыратар жаңа ақпараттарды оқып, денсаулығыңызды нығайтыңыз!

Цюрих сотының шешімімен, еврейден шыққан немістілді жазушы Франц Кафканың бұрын жарияланбаған еңбектері Израильдің Ұлттық кітапханасына – жалпы халықтың қолдануына берілетін болды. Осылайша, Швейцария соты израильдік соттың шешімін мақұлдап, онжылдықтарға созылған таласқа нүкте қойды. Бұл шығармалар израильдік банк ұяшықтарында және Тель-Авивтегі қараусыз қалған пәтерде сақтаулы көрінеді. Олардың жалпы саны мен мазмұны бел­гісіз. Сарапшылардың пікірінше, «қазына» қатарында жазушының кей аяқтал­май қалған туындыларының жалғасы болуы мүмкін. Кафка 1924 жылы, өлер ал­дын­да қаламгер досы Макс Бродқа қол­жаз­баларын тапсырып, оларды өртеп жіберуін өтініпті. Әйтсе де, Брод оның соңғы тілегін орындауды жөн көрмеген. Кейбірін кейін жарыққа шығарған. Мәселен, Каф­каның атын шығарған «Процесс», «Сарай». Ал, қалғандарын дүниеден өтерінде акаде­миялық орталыққа өткізуін сұрап, хат­шысына беріп кеткен. Алайда Эстер Хоффе олардың біразын сатып жіберсе, енді бір бөлігін қыздарына қалдырған. Бүгінгі күнге шытырман жолдар арқылы сақталып жеткен Кафка мұрасының тағ­дыры осындай.


Мәскеу Мемлекеттік мұражайында 10 ақпан – орыс әдебиетінің классигі Александр Пушкиннің қайтыс болған күнінен бастап «Пушкин портреттері» атты ерекше көрме өтіп жатыр. Мәдени шара ақынның туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылыпты. Көрмеге келген әрбір адам ол жерден «әртүрлі Пушкинді» көре алады. Бұлайша айтуымыздың себебі: экспозицияға бүкіл Ресей бойынша барлық мұражайдан 300 картина, мүсін, қобдишалар, т.б. әкелінген және әр өнер иесі өз Пушкинін өзінше сомдаған. Өнертанушылардың айтуынша, солардың ішіндегі ең құндылары – Ксавье де Местрдің сәби Пушкинді бейнелеген миниатюрасы мен Федор Брунидің қарындашпен салған «Табыттағы Пушкині». Ресейде бұрын-соңды болмаған бай «жиынның» дайындығына бір жыл уақыт кетіпті.

Дайындаған Мәдина СЕРІКҚЫЗЫ

(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=994974
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар