Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21416150765 %35 %

АУДАРМА САЛАСЫ АҚСАП ТҰР | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 00:30 - 2019/05/15


Заманбек ӘБДЕШОВ

Биылғы Әдеби жыл қорытындысында аударма саласы бойынша баяндама жасаған аударма кеңесінің төрағасы Заманбек Әбдешов баяндамасын кешегі кемеңгер аудармашыларды еске алып, олардың еңбектерін бағалаудан бастады.

«Аударма туралы сөз қозғар болсақ, кезіндегі кәнігі аудармашылар – Ісләм Жарылғапов, Ғайса Сармұрзин, Ахмет Елшібе­ков, Хасен Өзденбаев, Жүсіп Ал­тайбаев, Әбілмәжін Жұмабаев, Нияз Сыздықов, Жұмағали Ыс­мағ­ұлов, Ғаббас Жұмабаевтардың еселі еңбектерін есімізге түсіре­міз. Бұлардың көпшілігі кәсіби ау­дармашы, марқұм Ісләм аға­ның айтуынша, түпнұсқаны «қай­­та туындатушылар» еді. Сон­дай-ақ, поэзия туындыларын мөлдіретіп, өзі жазған дүниедей құлпыртып жіберетін Қуан аға Шаңғытбаев, Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев се­кіл­ді және тағы басқа тамаша ақын­дарымыз әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ оқырман­дарының игілігіне жаратып берген жоқ па?» – деді баяндамашы.
Аударма саласы бойынша жыл қорытындысына ұсынылған кітап­тар саны аса мол емес екені байқалды. Баяндамашы ең алдымен жазушы Б.Бек­жа­нов­тың аударма кітабы туралы сөз қозғады.
«Жазушы-дра­матург Болат Бекжанов деген азаматтың «Сах­на­­дан сыр айтам» деген жи­на­ғы­мен таныстым. Шамасы, шығармалары бірнеше томнан тұратын болуы керек, мұны төр­тінші том деп атапты. Аудар­ма­шы­ның «Жеті лақ», «Түлкі зоо­бақ­қа қалай келді?» деген өзі жаз­ған ер­тегілерін былай қойып, Т.Миннулиннің «Аль­дер­мыш­тағы – Альдерман» атты фантасмогориясы мен Валентин Крас­но­горовтың «Әйел тауқыметі» трагикомедиясын қарап шық­тым. Жалпы аударма жатық кө­рінеді. Тек арасында редактор қолымен түзеп жібере­тін аздаған әттегенайлар кетіп қалған секіл­ді. Мәселен «официант» сөзін біз баяғыдан «даяшы» деп жүрген жоқпыз ба? Сондай-ақ бір жерін­де кейіпкер «қысқарт тіліңді» дейді, қазақ мұны «тарт тіліңді» десе керек еді. Сонсын «пушка» – «зеңбірек» қой, «плен» – «тұт­қын­ға алу», «болота» дейді, «бат­пақ» емес пе? Алайда шығар­ма­дағы өлеңдер жатық, жақсы аударылған екен»…

(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=994948
Пікірлер

Көрші сілтемелер