Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстан мен Ресей премьерлері Мәскеуде кездесті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 21:20 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/120234-aza-stan-men-resej-premerleri-m-skeude-kezdesti


Қазақстан мен Ресей премьерлері Мәскеуде кездесті

Мәскеуге жұмыс сапарымнен барған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында премьер-министр Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297810
Пікірлер

Көрші сілтемелер