Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауыт келер іске қосылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:50 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/123990-zhambyl-oblysynda-y-vaktsina-shy-aratyn-zauyt-keler-iske-osylady


Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауыт келер іске қосылады

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы биофармацевтика зауыты келер жылдың алғашқы тоқсанында іске қосылады.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауданға жұмыс сапары барысында аталған зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының жаңа биофармацевтика зауыты Қордай ауданының дамуына айтарлықтай серпін беруге қауқарлы.

Аймақ басшысы еуропалық технология бойынша салынып жатқан өндіріс құрылысының барысымен танысты. Зауыт өнімдері, вакциналар әлемдік фармацевтикалық нарықтарда сатылады деп жоспарланып отыр.

Техникалық бақылау өкілі Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмысы биыл аяқталып, жабдықтардың бір бөлігі жеткізілмек. Ал, негізгі бөлігі 2021 жылы орнатылады. Себебі, оларды дайындауға 8-9 ай уақыт қажет екен.

Қазіргі уақытта барлық инженерлік коммуникация жүргізіліп, жұмысқа 145 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Қазіргі болжам бойынша, зауыт келесі жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастауы мүмкін.

Айта кетейік, аталған зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарты бойын­ша иммунобиологиялық дәрі-дәрмек­тер, оның ішінде коронавирус инфекциясы­на қарсы вакцина шығармақ. Қазір инсти­тут­тың коронавирус індетіне қарсы кан­ди­даттық вакцинасы ДДҰ тізіміне ен­гі­зіл­ген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде.

Сондай-ақ кәсіпорында панде­миялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шы­ғарылады.

Құрылыс жұмыстарын биыл жел­тоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297778
Пікірлер

Көрші сілтемелер