Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мүгедектік жәрдемақы рәсімдеп беремін деп ақша жинаған алаяқ қолға түсті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:30 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/119065-m-gedektik-zh-rdema-y-r-simdep-beremin-dep-alda-an-alaya-ol-a-t-sti


Мүгедектік жәрдемақы рәсімдеп беремін деп ақша жинаған алаяқ қолға түсті

Шымкент қаласының тұрғыны бүгінге дейін халықты алдап, ақша жинап отырған. Рolisia.kz-тің хабарлауынша, ол қылмыскерді Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген.

Негізі сол бөлімшеге бұған дейін 102 сымтетігіне апалы-сіңлілер хабарласып шағымданған болатын.

Айтуынша, олардың таныс келіншек «мүгедектік бойынша жәрдемақыға шығарып беремін» деп алдап, алаяқтық жолмен бірінен 135 мың теңге, екіншісін – 270 мың теңге алыпты.

Бұл жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді.

Ол 1986 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды әрі негізді процестік шешім қабылданады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297772
Пікірлер

Көрші сілтемелер