Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 17:40 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/120710-ekonomika-salasynda-y-nobel-syjly-yny-iegerleri-any-taldy


Экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы америкалық Пол Милгром мен Роберт Уилсонға бұйырды. Олар аукциондардың жаңа форматтарын ойлап тапқандары үшін марапатталды.

«Биылғы жылдың лауреаттары – Пол Милгром мен Роберт Уилсон аукциондардың жұмысын зерттеді. Сондай-ақ, олар дәстүрлі жолмен сату қиындық тудыратын тауарлар мен қызметтер үшін аукциондардың жаңа форматын ойлап тапты. Олардың ашқан жаңалығы бүкіл әлемдегі сатушылар, сатып алушылар мен салық төлеушілерге пайдасын тигізді»,– делінген марапаттың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Пол Милгром мен Роберт Уилсон – Стэнфорд университетінің оқытушылары. Екеуі де АҚШ Ұлттық ғылым академиясының академиктері.

Еске сала кетейік, биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын америкалық ақын Луиза Глюк иеленді.

Ал физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар - Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа бұйырды.

Бұған дейін Нобель сыйлығын табыстау рәсімі онлайн-форматта өтетінін хабарлағанбыз. Шара Стокгольм мэриясынан трансляцияланды.

Жыл сайын айтулы шара Стокгольм филармониясында өтетін. Бұл жолы марапаттарды жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері табыстауда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297733
Пікірлер

Көрші сілтемелер