Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда карантин шарасын бұзған 15 нысанға айыппұл салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:10 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/123975-almatyda-karantin-sharasyn-b-z-an-15-nysan-a-ajypp-l-salyndy


Алматыда карантин шарасын бұзған 15 нысанға айыппұл салынды

Алматыда 15 нысанда карантин шараларының бұзылуы анықталды. Оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынды.

Алматыда карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша 32 мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 21 қазан мен 5 қараша аралығында мониторинг шаралармен 258 нысан қамтылды, оның ішінде 15 нысаннан карантин режимінің (заңды тұлғалар) бұзылуы анықталды.

Бостандық ауданында бір заңды тұлғаға айппұл салынды:

– Mega Center Plus» акционерлік жылжымайтын мүлік қоры («MEGA Alma-Ata» Сауда ойын орталығы Розыбақиев көшесі, 247 а – 2 222 400 теңге сомасына).

Түрксіб ауданында 5 заңды тұлғаға шара қолданылды:

  • «Эйфориза» кафесі, І.Жансүгіров көшесі, 235 – 319 470 теңге;
  • «Атлантик» компьютер клубы, Наманған көшесі, 35 – 319 470 теңге;
  • «Ербил» кешені – 319 470 теңге;
  • «Раяна» мейрамханасы – 319 470 теңге.

М.Әуезов ауданында келесі заңды тұлғаларға шара қолданылды:

  • «Joto» компьютерлік клубы, жеке кәсіпкер Қарабаев, 9 ш/а, 40а – 319 470 теңге;
  • «Лабиринт» кафесі жеке кәсіпкер Саймнұр, «Ақсай-3» шағынауданы 85-үй – 319 470 теңге.

Жетісу ауданында 3 заңды тұлғаға қатысты шаралар қабылданды:

  •  «Сәлем» базары, «Сәлем инвест» ЖШС- Ә.Бөкейханов көшесі, 508 – 319 470 теңге сомасына;
  • «Белси иК» ЖШС, «Ялян» Сауда үйі– 319470 теңге сомасына;
  • «Наш клуб» дәмханасы, жеке кәсіпкер Масанғалиева, С.Сейфуллин даңғылы, 291 – 319 470 теңге сомасына.

Алмалы ауданының мониторинг топтарымен төрт заңды тұлғаға қатысты шара қабылданды:

  • «Нурель» дәмханасы, жеке кәсіпкер Нұрсеф, Розыбақиев көшесі, 303б – 319 470 теңге сомасына;
  • компьютер клубы, жеке кәсіпкер, Х.Досмұхамедов көшесі,101 – 319 470 теңге сомасына.
  • Мега Сауда ойын орталығы «Акционер Инвест жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Мега центр плюс», М.Мақатаев көшесі, 127/1 – 2 222 400 теңге.
  • «Бухаус» дәмханасы А LD G B A – 319470 теңге сомасына.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеуін жалғастыратын мекемелерге барудан бас тартуға шақырады.

Айта кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау мақсатында аумақтық прокурорларға берілетін болады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін қарастырылған.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297703
Пікірлер

Көрші сілтемелер