Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


5 жылда 216 жоба: «Nur Otan» түбегейлі өзгерістерге бастайтын бағдарлама ұсынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:00 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/117042-5-zhylda-216-zhoba-nur-otan-t-begejli-zgeristerge-bastajtyn-ba-darlama-syndy


5 жылда 216 жоба: «Nur Otan» түбегейлі өзгерістерге бастайтын бағдарлама ұсынды

Праймериз аясында «Nur Otan» партиясы республикамыздың әр өңіріндегі түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынып. Алдағы 5 жылда жүзеге асырылатын бағдарламада ел дамуына тың серпін беретін 216 жоба ұсынылған.

Бағдарлама аясында партиялықтар Нұр-Сұлтан тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың бірнеше бағытын көрсеткен. Мәселен, елордадағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2025 жылға қарай жыл сайын 10 мың пәтер құрылысын қолға алу жоспарланған. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2020 жылы бас қалада 8 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесін толық шешуге уәде беріп отыр.

Денсаулық сақтау саласында да іргелі өзгерістер болмақ. Атап айтқанда, елордадағы нұротандықтар «Үйдегі дәрігер» жобасын қолға алып, жоба шеңберінде 30 отбасылық дәрігерлік амбулаторияларын ашуды көздейді. Жоба 300 мың тұрғынды қамтиды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, 500 орындық инфекциялық аурухана, 800 орындық көпбейінді аурухана және жаңа перзентхана салынбақ.

Алматыға қатысты жобалар да ауқымды. «Nur Otan» партиясы оңтүстік астанамызды әлемдегі ең тартымды мегаполистердің біріне айналдыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін алдағы жылдары экономикалық өсімді 5 пайызға дейін арттыру көзделген. Алматыда құны 4,5 трлн теңгені құрайтын 114 жеке инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінже 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

Партиялықтар Шымкентте де тұрғын үй құрылысын арттырмақ. 2021 жылы «Шымкент сити» шағын ауданында 60 мың тұрғынға арналған заманауи көпқабатты үйлер мен ойын-сауық орталықтары салынады. 5 жылда 3 миллион шаршы метр баспана немесе 47 мың пәтер салу жоспарланған. Нәтижесінде 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297699
Пікірлер

Көрші сілтемелер