Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін ерлі-зайыпты сотталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 15:30 - 2020/11/07

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/123972-za-syz-ojyn-biznesin-jymdastyr-any-shin-erli-zajypty-sottaldy


Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін ерлі-зайыпты сотталды

Алматыда ерлі-зайыпты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, – деп хабарлады Қаржы мониторингі комитеті.

Комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

«Алматы қаласының тұрғындары – ерлі-зайыпты бірлесе заңсыз ойынхана қызметін ашып, жұмыс істеп келген. Аталған ойынхананы заңда көрсетілген жерден тыс жерде ұйымдастырғаны анықталды. Тексеріс барысында заңсыз жұмыс істеп келген электронды ойынхананың қызметі әшкереленіп, ол жерде ойыншылар мен жұмысшылар болғандығы анықталды. Тінту кезінде 18 процессор, 19 монитор және кассадан 170 000 теңгеден астам қаражат тәркіленді», – делінген хабарламада.

Бұл қылмысты ұйымдастырушылар Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға 2 жылға дейін мерзімдегі бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1297691
Пікірлер

Көрші сілтемелер