Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/121282-aza-altyn-kenishinde-33-zhasta-y-zh-mysshy-topyra-astynda-alyp-aza-tapty


«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты
Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болғанын хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған. 17 қазан күні өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетіп, салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.

«Оқиға сағат 12:30 орын алды. «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды», – дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.

Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1282706
Пікірлер

Көрші сілтемелер