Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әзербайжан мен Армения атысты уақытша тоқтату жөнінде келісімге келді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:40 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/121266-zerbajzhan-men-armeniya-atysty-ua-ytsha-to-tatu-zh-ninde-kelisimge-keldi


Әзербайжан мен Армения атысты уақытша тоқтату жөнінде келісімге келді

Әзербайжан Республикасының сыртқы саяси ведомствосының мәліметінше, Әзербайжан мен Армения 18 қазан жергілікті уақытпен сағат 00:00 бастап атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату жөнінде келісімге келді.

ҚазАқпараттың жазуынша, бұл шешім ЕҚЫҰ Минск тобының қосалқы төрағалары – Франция, Ресей және Америка Құрама Штаттары президенттерінің 1 қазандағы мәлімдемесінен кейін, сонымен қатар 5 қазандағы ЕҚЫҰ Минск тобының және 10 қазандағы Мәскеу мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Лейла Абдуллаева жергілікті телеарнаға берген сұхбатында атысты гуманитарлық тоқтатудағы мақсат – марқұм болған әзербайжан әскерилерінің және қарсы тарап адамдарының денесін майдан алаңынан алып кету, сондай-ақ тұтқындармен алмасу екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл келісімнің қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз.

17 қазанда Әзербайжан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Д.Байрамов ресейлік және түрік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында ол атысты тоқтату режимінен кейін де Гянжа қаласының екінші мәрте зымыранмен атқыланғанын жеткізді. Ол аймақтағы жағдай бойынша әріптестерімен пікір алмасты.

Armenpress агенттігінің хабарлауынша, Армения сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анна Нагдалян да аталған гуманитарлық келісім жайында сөз қозғаған.

«Біз осы келісім арқылы 10 қазан күні Мәскеуде қабылданған бірлескен мәлімдемені жүзеге асырып отырмыз. Ол мәлімдемеде атысты доғару және оны тоқтатудың параметрлерін енгізу қажеттігі көрсетілген. Ол тұрақты және анық болуы тиіс», – дейді ол.

Айта кетейік, Таулы Қарабақ оқиғасы 27 қыркүйекте қайта шиеленісіп кетті. Ауқымы кең әскери қақтығыс жүріп жатыр. Әзербайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланды. Ресей тарапының бастамасымен Мәскеуде өткен кеңес нәтижесінде Баку мен Ереван тұтқындар мен қаза тапқандардың денесімен алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша 12.00-ден бастап атысты тоқтату туралы келіскен болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1282638
Пікірлер

Көрші сілтемелер