Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19: Ресейде алғаш рет бір тәулікте 15 мыңнан астам адамнан індет анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 18:40 - 2020/10/16

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/121180-covid-19-resejde-al-ash-ret-bir-t-ulikte-15-my-nan-astam-adamnan-indet-any-taldy


COVID-19: Ресейде алғаш рет бір тәулікте 15 мыңнан астам адамнан індет анықталды
Сурет: ТАСС
Сурет: ТАСС

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 15 150 жаңа дерегі тіркелді. Пандемия басталғалы елде вирус жұқтырушылардың тәуліктік өсімі 15 мыңнан асып отыр. Бұл туралы Ресейдің індетпен күрес жөніндегі жедел штабының Telegram-каналында хабарланды.

Індет жұқтыру деректерінің көбі Мәскеуде (5049), Санк-Петербургте (647)  және Мәскеу облысында  (448) тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде 8485 адам емделіп шығып, 232 адам көз жұмғаны белгілі болды.

Пандемия басталғалы Ресейде барлығы 1 369 313 адам індет жұқтырды. Науқастардың 1 056 582-сі емделіп шықты. Ал дерті асқынған, 23 723 адам қайтыс болды. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1281933
Пікірлер

Көрші сілтемелер