Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:20 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/118052-senat-erekshe-or-alatyn-tabi-i-auma-tar-a-atysty-za-dy-abyldady


Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

«Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

«15 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар келіп түскен жоқ», - деп атап өтті депутат.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1262012
Пікірлер

Көрші сілтемелер