Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19: Чехияда антирекорд тіркелді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:40 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/118043-covid-19-chehiyada-antirekord-tirkeldi


COVID-19: Чехияда антирекорд тіркелді

Чехияда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды cz.24.

Елде бір тәулік ішінде 1677 адамнан коронавирус анықталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 639 адамға артық. Мемлекет астанасындағы эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық.  Прагада соңғы бір аптада 100 мың тұрғынға шаққанда індет жұқтырудың 141 дерегі расталған.

Чехияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Брнодағы 52 орындық университет ауруханасында 30 науқас емделуде.

Пандемия басталғады елде барлығы 38 896 адамнан коронавирус анықталды. Дерті асқынған 476 адам көз жұмды. Қазіргі таңда мемлекетте вирус жұқтырған 15 807 адам ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда мұғалімдер жаппай коронавирус жұқтырып, мектептер қайта жабылғанын хабарлағанбыз. Елдің Самарқанд облысында 250-ге тарта, Бұқара өңірінде 200-ден астам, ал Әндіжан аймағында 50 шақты ұстаздың індет жұқтырған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1261984
Пікірлер

Көрші сілтемелер