Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қала тұрғындары Медеу мен Шымбұлақ жолының сапасына шағымданды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 22:30 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/118020-ala-t-r-yndary-medeu-men-shymb-la-zholyny-sapasyna-sha-ymdandy


Қала тұрғындары Медеу мен Шымбұлақ жолының сапасына шағымданды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу мен Шымбұлақ жолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.

«Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындары Медеу мен Шымбұлақ жолының сапасыз салынғанына шағымданды.

«Медеу мен Шымбұлақ – Алматының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы, бренді. Мен ол жаққа бардым. Асфальт қалай төселген? Менің ойымша, өте жақсы. Жұмыс жалғасып жатыр. Осы жерде сұрақ туындайды: қажет пе, жоқ па? Жолды үнемі күтіп ұстау керек, әсіресе біз бұл жолды қыс мезгілінде жиі қолданамыз. Тауға туристер мен қала тұрғындары жиі барады. Сондықтан қауіпсіздік бірінші орында», – деді ол.

Оның айтуынша, Медеуге апаратын жолдың бір бөлігі 2018 жылы жөнделген.

«Асфальтта көптеген жарықтар пайда болды. Сондықтан, біз орташа жөндеу жұмысын жүргізу жөнінде шешім қабылдадық. Бетон қоршауларын да ауыстыру қажет. Біз тек бүлінген жерді ретке келтіреміз», – деді әкім.

Сөз соңында Бақытжан Сағынтаев жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталатынын айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1261749
Пікірлер

Көрші сілтемелер