Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы тәркіленді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/117950-yr-yzstanmen-shekarada-geroinni-iri-partiyasy-t-rkilendi


Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы тәркіленді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қарасу» шекаралық бекетінде Қырғыз азаматының көлігінен есірткі тапты. Қырғыздық азамат героинді шекарадан алып өтпек болған.

«Көліктің жүк салғышынан бал салынған ыдыс анықталды. Шелектің қос түбінде жасырын орындар орнатылып, мұнда жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды.

Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», – деп жазылған ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, мұндай қылмыс жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1261270
Пікірлер

Көрші сілтемелер