Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Nur Otan» партиясы праймеризіне қатысушы қандастар мәселесін көтерді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:10 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/117958-nur-otan-partiyasy-prajmerizine-atysushy-andastar-m-selesin-k-terdi


«Nur Otan» партиясы праймеризіне қатысушы қандастар мәселесін көтерді

Шығыс Қазақстан облысында  өткен ашық пікірсайысқа 50-ден астам үміткер қатысып, қоғамның әр саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.

ШҚО-ның аудан орталықтарында өткен пікірсайыста праймеризге қатысушы үміткерлер бағдарламаларында ауылды елдімекендердегі нақты мәселелерді сөз етті.

«Ауылды жерлерде тұратын халықты таза сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету, жол мәселесі, білім саласындағы түйткілдер, Денсаулық саласындағы кезек күттірмей шешуді қажет ететін сұрақтар осының бәрін өз бағдарламамның басым бағыттары етіп алып отырмын», – деді праймеризге қатысушы үміткер Абулханов Дархан.

Пікірсайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырса, екінші кезеңінде сұрақтарға жауап береді. Спикерлерге дебатты онлайн тамашалап отырған көрермендер әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюуға мүмкіндік алды.

Облыс орталығында өткен пікірсайысқа «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

«Еліміз егемендік алған күннен бастап өзге елдегі қандастарымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  «Нұрлы көш»  бағдарламасы арқылы  атамекенге оралуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күнге дейін миллиондаған бауырларымыз Отанына келіп табысты қызмет етуде. Мемлекет тарапынан қолдауларда жоқ емес. Десе де қандастарға қатысты мәселелер аз емес, азаматтық алудағы түрлі қиындыққтар, баспанамен қамту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер шешуді қажет етеді», – деді Өскемен қаласынан праймеризге қатысушы үміткер Әскерхан Хуанбай.

Айта кетейік, ашық пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1261229
Пікірлер

Көрші сілтемелер