Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Илон Crew Dragon ғарышкерлері бүгін түнде жерге оралады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 17:10 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113564-ilon-crew-dragon-aryshkerleri-b-gin-t-nde-zherge-oralady


Илон Crew Dragon ғарышкерлері бүгін түнде жерге оралады

31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны туралы хабарланған білеміз. Ол соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды. ХҒС-ға келген америкалық астронавттар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы ғарыш стансасы экипаждарының құрамында жұмыс істеді және ХҒС-дағы миссиясын аяқтады.

2020 жылдың 2 тамызында Мәскеу уақытымен сағат 02:34-те NASA астронавттары Даглас Херли мен Роберт Бенкенмен бірге Crew Dragon (Endeavour ) кемесі ХҒС-да түйісті, – деп хабарлайды Илон Маск компаниясының сайты.

Crew Dragon кемесінің қонуы 2 тамызда Мәскеу уақытымен 21:41 немесе Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 3 тамызда 00:41-ге жоспарланған. Флорида штатының Пенсакола жағалауында суға қонуы мүмкін. Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына қонады деп жоспарланған. Тікелей трансляцияны NASA америкалық ғарыш ведомствосының сайтынан, сондай-ақ SpaceX сайтынан көруге болады.

Астронавтарды SpaceX Go Navigator кемесі қарсы алады. Іздеу-құтқару кемесінің бортына жеткізілгеннен кейін, астронавтар медициналық тексерістен өтіп, төрт сағаттан кейін Флоридаға әуе немесе теңіз жолы арқылы жеткізіледі деп күтілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1232287
Пікірлер

Көрші сілтемелер