Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда көшелеріне коронавируспен күрескен дәрігерлердің суреті ілінді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 21:00 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113527-elorda-k-shelerine-koronaviruspen-k-resken-d-rigerlerdi-sureti-ilindi


Елорда көшелеріне коронавируспен күрескен дәрігерлердің суреті ілінді

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда коронавирус індетімен күрескен қалалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Ондағы мақсат -  медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін құрмет көрсетіп, алғыс айту. 

Қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. Олар Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар. Жалпы, пандемия басталғалы қалада індетпен күреске бес мыңға жуық дәрігер тартылған.

Бірнеше айдан бері дәрігерлер үй бетін көрмей, отбасыларынан жырақта еңбек етті. Қатерлі вирус жұқтырғандардың өмірі үшін арпалысты. Көрінбейтін жаумен күресте алғы шепте жүрген ақ халаттылардың жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар аурудан айығып, аман-есен жақындарымен қауышты.

Бүгінгі күнге дейін астанамызда 11 254 адамнан коронавирус анықталса, олардың 8340-ы емделіп шықты. Ал республика бойынша 61 мыңға жуық науқас қатерлі дертті жеңді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231996
Пікірлер

Көрші сілтемелер