Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: 2 тамыздан бастап жарияланатын мәліметтер 4 цифрға негізделеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 20:30 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113524-koronavirus-2-tamyzdan-bastap-zhariyalanatyn-m-limetter-4-tsifr-a-negizdeledi


Коронавирус: 2 тамыздан бастап жарияланатын мәліметтер 4 цифрға негізделеді

Жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады. Жаңа  мәліметтер төрт цифрға негізделмек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. 

«Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», - дейді ол.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231990
Пікірлер

Көрші сілтемелер