Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үй карантинін сақтамаған симптомсыз науқастар жазаланады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:40 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113521-j-karantinin-sa-tama-an-simptomsyz-nau-astar-zhazalanady


Үй карантинін сақтамаған симптомсыз науқастар жазаланады
Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин қалада қосымша шектеу шараларын енгізді.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың көбі үй карантині талаптарын бұзған.

«Біз 200 жуық үй ошақтарын тексердік. 23 жағдайда заңбұзушылық болған. Науқастар үйде болмаған. Бұл вирустың тез таралуына ықпал еткен», - деді Бекшин.

Осыған байланысты қалада қосымша шектеу шаралары енгізілген.

«Мен қосымша шектеулер туралы қаулы шығардым. Ол симптомсыз науқастарды бақылауға бағытталған. Олар белгіленген үй карантинін бұзбауы тиіс», - деді Бекшин.

Карантин талаптарын сақтамаған адамдарды арнайы ұйым карантинге қамайтын болады. Егер осы әрекет бірнеше рет қайталанса, оларға айыппұл салынатын болады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231975
Пікірлер

Көрші сілтемелер