Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19: Оңтүстік Америка елдерінде індет өршіді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:00 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113518-covid-19-o-t-stik-amerika-elderinde-indet-rshidi


COVID-19: Оңтүстік Америка елдерінде індет өршіді

Оңтүстік Америка елдерінде коронавирус өршіп барады. Індеттің таралу қарқыны артқан мемлекеттер шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр. 

Перуде төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды. Өйткені елде індеттің беті қайтар емес. 30 шілде күні ел аумағында коронавирус жұқтырған 7 мыңдай адам анықталды. Перу ауруханалары науқастарға лық толы, ауырған адамдарға көмек беретін дәрігерлер қат.

Перу коронавирусты жұқтыру саны бойынша Оңтүстік Америкада Бразилиядан кейін екінші тұр. 33 миллион халқы бар бұл елде 400 мыңнан аса адам індетке шалдыққан. Ал қайтыс болғандардың саны 19 мыңнан асып жығылды. Ақ халаттылардың пікірінше, шынайы статистика бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені көптеген жағдайда өлім себебі ретінде коронавирус салдарынан асқынған өзге аурулар жазылған.

Перу денсаулық сақтау министрі Пилар Маццеттидің айтуынша, түрлі себептерден қайтыс болған 46 мың адамда коронавирус анықталған. Аталған деректер бойынша  комиссия талдау жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

Боливияда да қатаң шектеу шаралары тағы бір айға ұзартылды. Оңтүстік Америкадағы ең кедей мемлекеттердің бірі саналатын бұл елде денсаулық сақтау жүйесі індетпен күресуге қауқарсыз. Ауырғандардың көбі өз үйлерінде емделуде.

Пандемия басталғалы 11 миллион халқы бар Боливияда 75 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 3 мыңы көз жұмды.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулік ішінде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркеді.

Соңғы тәулікте әлемде 292 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұған дейін қатерлі вирусты жұқтырғандар бойынша ең көп адам 25 шілдеде тіркелген. Сол күні 286 мың адамнан вирус анықталған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231962
Пікірлер

Көрші сілтемелер