Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мақтааралда карантин тәртібін бұзған 124 адам жауапкершілікке тартылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 13:30 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113487-ma-taaralda-karantin-t-rtibin-b-z-an-124-adam-zhauapkershilikke-tartyldy


Мақтааралда карантин тәртібін бұзған 124 адам жауапкершілікке тартылды

Мақтааралдық полицейлер 1000-ға жуық нысанды тексеріп, карантин талаптарын сақтамағандарды анықтады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал  АПБ-нің полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ карантиндік шараларды бақылап, басқа да құқықбұзушылықтардың болдырмау мақсатында алдын алу және тексеру  жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында 1000-ға жуық нысанды тексеріп, карантиндік режим талаптарының бұзылуын анықтады.

Мәселен, Мақтаарал  ауданы аумағында полицейлер бүгінгі күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” бойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 124 адамды анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.

Осы жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Одан бөлек, аудандық полицейлер тұрғындардың белгіленбеген орындарда суға түсуіне тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы “Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу” бойынша 431 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.  .

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231801
Пікірлер

Көрші сілтемелер