Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


COVID-19: Әлемде жаңа рекорд тіркелді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:00 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/113472-covid-19-lemde-zha-a-rekord-tirkeldi


COVID-19: Әлемде жаңа рекорд тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулік ішінде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркеді.

Соңғы тәулікте әлемде 292 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұған дейін қатерлі вирусты жұқтырғандар бойынша ең көп адам 25 шілдеде тіркелген. Сол күні 286 мың адамнан вирус анықталған болатын.

ДДСҰ дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 млн 100 мың адамға жетті. Індеттен 669 мыңға жуық науқас көз жұмды.

Пандемия басталғалы індетке шалдыққандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан.

Ал жекелеген елдер бойынша вирус жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ 4,3 млн адам) көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (2,5 млн адам), үшінші орында Үндістан (1,6 млн адам) тұр.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1231726
Пікірлер

Көрші сілтемелер