Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда электр энергиясы не себепті қымбаттайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 20:50 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/110368-aza-standa-elektr-energiyasy-ne-sebepti-ymbattajdy


Қазақстанда электр энергиясы не себепті қымбаттайды

«Kazakhmys Distribution» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы Темірлан Өтегенов Қазақстанда электр энергиясының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, энергия өндіретін стансалардың жұмысын қолдау үшін тарифтерді көтеру – уақтылы қабылданған шешім болып отыр, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Шынында да Энергетика министрлігі энергия өндіретін ұйымдардың тарифті 16 пайызға өсіру туралы ұсынысын қолдады. Яғни егер 2-3 бөлмелі үйіңіз болса, түпкі тұтынушы үшін электр энергиясы 200-250 теңгеге қымбаттайды деген сөз. Министрлік не үшін мұндай қадамға барып отыр? Жалпы қазандықтар мен трубиналардың тозу деңгейі қазіргі уақытта елде орташа есеппен 60 пайызды құрайды. Аймақтарда, мәселен Теміртау секілді қалаларда бұл көрсеткіш тіпті 80 пайыздан асып кеткен. Демек жағдай бұлай кете берсе станция мүлде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Осыған байланысты қалаларда электр энергиясы өшіп қалмауы немесе қыстыгүні қиын жағдайлар туындамауы үшін станция әрдайым жаңғыртылып отыруы керек», – деді Темірлан Өтегенов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы айтқан пікірінде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта электр энергиясын өндіретін құрылғыларды ұстап тұрудың өзі қымбаттап барады. Бір ғана көмір бағасының, логистиканың жыл сайын қымбаттауы станция жұмысына едәуір әсерін тигізеді.

«Осы қымбатшылық тенденциясының жалғасуы – станцияның бұрынғы тарифте қалып, шығындарды жабуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан менің ойымша Энергетика министрлігі уақтылы шешім қабылдап отыр. Қазіргі таңда бәріміз үйреніп қалдық: үйге келсек, жарық жарқырап тұрады. Тоқсаныншы жылдарды еске түсіріп көрелік: ол кезде тіпті жарықты екі-үш сағатқа ғана беретін еді ғой. Мұндай да уақыт өтті. Сол себепті осы тенденцияны сақтап, станция жұмыстарын да қолдап отыру керек», – деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев 1 шілдеден Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайтынын хабарлаған еді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа ұлғаюы 16 пайыз деңгейінде болжануда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1211279
Пікірлер

Көрші сілтемелер