Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Алтын Орда» базарынан өрт шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:20 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/110361-altyn-orda-bazarynan-rt-shy-ty


«Алтын Орда» базарынан өрт шықты

Алматы қаласының іргесінде орналасқан «Алтын Орда» базарынан өрт шықты.

«30 маусым күні сағат 16:23-те Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент автожолының 15-шақырымында орналасқан «Алтын Орда» базарында асхана өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Қызыл жалынның таралуы сағат 17:00-де тоқтатылып, 17:33-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 240 шаршы метр жерді (асхананың аумағы және металдыпластиктен жасалған сауда павильондары) шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалынмен күреске Алматы қаласы мен Алматы облысының 20 өрт сөндірушісі және 4 техникасы жұмылдырылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1211236
Пікірлер

Көрші сілтемелер