Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президент ауылды жерлерде мобильді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 20:40 - 2020/06/29

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/110306-prezident-auyldy-zherlerde-mobildi-zerthanalar-jymdastyrudy-tapsyrdy


Президент ауылды жерлерде мобильді зертханалар ұйымдастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы елімізде зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды. 

«Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді.

Айта кетейік, бұған дейін Үкіметке 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әкімдер мен министрлердің халықтың арыз-шағымына дер кезінде жауап бермейтінін сынға алды. .

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1210504
Пікірлер

Көрші сілтемелер