Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14888263347 %53 %

Семей әуежайы Абайдың атымен аталады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/11/08


Семей әуежайы Абайдың атымен аталады

 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы Семей қаласының ақпарат орталығы хабарлады. 

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада.

Қаладағы № 49 мектеп те ақын атымен аталады. Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін. Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды.

Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады. Қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға үлкен ескерткіш орнататын болады. Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды. № 2 орта мектеп - Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия - Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп - Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069566
Пікірлер

Көрші сілтемелер