Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Куәліксіз көлік айдасаң, айыппұлдың астында қаласың



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:40 - 2019/11/08

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/89315-ku-liksiz-k-lik-ajdasa-ajypp-ldy-astynda-alasy


Куәліксіз көлік айдасаң, айыппұлдың астында қаласың

Парламент Мәжілісінде жаңа Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі талқыға салынды.  Депутаттар жүргізуші куәлігі жоқ тұл­ғаның көлік құралын басқарғаны үшін айыппұлды 5 есеге арттыруды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта мұндай құқық бұзушылық үшін жаза 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу бастамасын көтергендер бұл соманы 50 АЕК-ке (126 250 тең­ге) дейін көбейтуді ұсынуда. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің пікірінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер әкімшілік заңнаманы жетілдіруге, жауапкершілікті ізгілендіруге, мемлекеттік органдар мен сот билігі арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға ба­ғытталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069435
Пікірлер

Көрші сілтемелер