Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-1330865646 %54 %

Қазақстанда 6 мың шақырым жол ақылы болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 09:50 - 2019/11/08


Қазақстанда 6 мың шақырым жол ақылы болады

Алдағы екі жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады», делінген хабарламада.

Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 2022 және 2023 жылдар аралығында автомобиль жолдарының қалған 5 мың шақырымын ақылы етудің екінші кезеңін жүзеге асыру көзделген.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069358
Пікірлер

Көрші сілтемелер