Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134495800958 %42 %

Депутат Білім және ғылым вице-министрін қызметінен босатуды талап етті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 16:40 - 2019/11/07


Депутат Білім және ғылым вице-министрін қызметінен босатуды талап етті

Сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғады, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында Мамытбеков білім саласында қордаланған мәселелерді көтерді. Соның бірі білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпованың "жалған ғалым" атануы.

"Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр. Мұндай жағдайда ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру - мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу болып саналады", - деді депутат.

Мамытбеков ғылыми ұйымдар арасында қаржыны бөлу кезінде түйткілді мәселелер орын алып жатқанын алға тартты. Айтуынша, қазір елімізде ешқашан еш жерде қолданысқа енгізілмейтін жобаларға қыруар қаржы бөлінеді. Ал құнды, қоғамға пайдасы бар жобалар назардан тыс қалады, немесе бөлінген ақша оны сапалы жүзеге асыру үшін мардымсыз.

"Басқаша айтқанда, бізде ғылымды басқаратын өкілетті органда объективтілік пен әділдік жоқ", - деді ол.

Сенат депутаты "жалған ғалым" деп айыпталған вице-министрдің әлі де өз қызметінде жүргенін айтты.

"Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ?", - деді Мамытбеков.

Сөз соңында сенатор ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069137
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қорғаныс министрлігінің 5 min
Тіршілік қашанда бір тү 7 min
Брюссельде Президент То 11 min
Үлкен Алматы шыңына кет 17 min
Елордада жастарға беріл 17 min
Хайуанды қамшымен ғана 27 min
Текелідегі мектепте қай 27 min
Рамазан қарсаңындағы мұ 27 min
Қазақстанның агроөнеркә 27 min
Қостанай облысындағы 30 1 sagt
Бағдат Манзоровтың ісін 1 sagt
СҚО полицейлері із-түзс 1 sagt
Алматы тауында жоғалған 1 sagt
Қайғы-қасiреттi бастан 1 sagt
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 1 sagt
«Хабар 24» арнасының ті 1 sagt
Тоқаев «CNPC» корпораци 1 sagt
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 1 sagt
Қазақстандық медициналы 1 sagt
ҚР Президенті «CNPC» ба 1 sagt
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТ 1 sagt
«Арманыңнан қалма»: Ерж 1 sagt