Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171150368439 %61 %

Алматылықтар Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 13:50 - 2019/11/07


Алматылықтар Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Қаралы жиын Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театрында өтті. Әртісті ақырғы сапарға шығарып салуға театр және кино әртістері, зиялы қауым өкілдері, қала халқы, өнерсүйер қауым қатысты.

Жиналғандарға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген қоғам қайраткері Мәди Артығалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. «Белгілі мәдениет қайраткері, театр және кино әртісі Раиса Мұхамедиярованың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Раиса Мәжітқызы ұзақ жылдар бойы театрда өнер көрсетіп, кейіпкерлерді асқан шеберлікпен сахнаға шығара біліп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ көркем фильмдерге түсіп, көптеген басты рөлдерді сомдады. Оның есімі мен жарқын бейнесі өнер сүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталады», - делінген Президенттің жеделхаттында.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов көңіл айту жедел хатын жолдады. Қаралы жиында, өнер адамдары марқұмның өнері мен өмірі туралы айтып, еске алды.

«Театр және кино әлемі тағы бір шоқтығы биік жұлдызынан айрылды. Бүгін Раиса Мұхамедярованы ақтық сапарға шығарып салып тұрмыз. Раиса қазақтың киносы мен театрында «сұлулықтың симоволы» болатын. Сахнадағы ерекше образдарымен есте қалды. Кино саласында да өзіндік орны бар актриса еді. Кинодағы әрбір бейнесі көрерменің есінде мәңгі сақталады. Біз сияқты жастар сол кісілердің ойнаған киносын көріп есейдік, еліктедік, бала кейіпімізбен ғашық болдық. Бүгін міне мәңгі мекеніне шығарып салып жатырмыз», - деді қаралы жиында Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар және жасөспірімдер академиялық театрының директоры Азамат Сатыбалды.

Раиса Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Менің атым - Қожа» фильмінде ұстаз Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. 30-ға жуық фильмге түскен. Айта кетейік, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған. Актриса 80 жасында дүниеден озды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069041
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 min
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ТА 4 min
Рамазан айында өткізілг 1 sagt
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
Елорданың сусыз қалған 1 sagt
Алматыда жүргізуші куәл 1 sagt
Асқазанның жедел қабын 1 sagt
Азан дауысы туралы шу — 1 sagt
Время - это иллюзия 2 sagt
А.Лукашенко 2020 жылы п 2 sagt
Франциядағы «Сары жейде 2 sagt
Маңғыстауда мас жүргізу 2 sagt
Бангладеште газ құбыры 2 sagt
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ 2 sagt
Калифорния штатында аты 2 sagt
Елордада «True or False 2 sagt
Алматыдан 327 шақырым а 2 sagt
Шымбұлақта шаңғы маусым 2 sagt
БҚО-да автокөлік аудары 2 sagt
Елорда полицейлері бейн 3 sagt
Пневмонияның алдын алу 3 sagt
Ақмола облысында ауылға 3 sagt
Ақтөбе облысында ауыл ш 3 sagt
Шаруаларға берілген арн 3 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Подагра жайлы білесіз 3 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 3 sagt
СҚО-да медициналық көме 4 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 4 sagt