Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-18000 %100 %

Семейлік оқушылар домбырада еркін ойнайтын робот құрастырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/11/07


Семейлік оқушылар домбырада еркін ойнайтын робот құрастырды

Семейде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оқушылар Мирас Мұратқанов, Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өнертапқыштар бұл еңбектерін Абайдың 175 жылдығына арнап отыр. «Әр оқу жылы басталарда алдымызға мақсат қоямын. Ортақ ойымыз жаңа бір туындыны жасап, құрастыру арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа еліту, олардың қызығушылығын арттыру. Роботқа домбырамен күй тарттыру идеясы біраз уақыт ойда жүрді. Сәті осы уақытта түсіп отырған жобаны жүзеге асыруға толық 1 ай уақыт жұмсадық. Алдымен роботты құрастырып, содан-соң олардың пернені басушы, ішекті қағушы сияқты әрбір бөліктерін жеке-жеке жасадық», –дейді Зияткерлік мектеп мұғалімі, жоба жетекшісі Бақытбек Нұрлыбекұлы.

Күйші роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұған дейін осыған ұқсасы болған. Тек ол бір күйді орындаумен ғана шектелетін. Ал, мына жаңа құрылғы домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алу артықшылығына ие. Ал егер күйді орындауда қателіктер болса, онда пропорционалды дифференциалдаушы реттегіш арқылы өзі есептеп, реттеп отырады.

Робот домбырада күйді компьютерге енгізілген ноталар арқылы орындайды. Құрастырушылар күйдің орындалу жылдамдығын да қалауынша өзгертулеріне қол жеткізген. Енді қазірдің өзінде жоба дана Абайдың «Торжорға», халық күйі «Қара жорға» мен халық әні «Еркем-айды» орындай алады. Ұстаз бен шәкірттер өз туындыларының кез келген шығарманы нота арқылы орындауға қауқарлы екеніне сенімді.

Естеріңізге салсақ, Бақытбек Нұрлыбекұлы бұған дейін 2018 жылдың түлегі Әділ Ордаев есімді оқушысымен бірлесіп құлтемірге қара жорға билеткен еді. Енді міне тағы бір тың жаңалығымен жұртшылықты таңғалдыруда.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1069030
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


«Дала қырандары» телесе 30 min
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ТА 1 sagt
Рамазан айында өткізілг 1 sagt
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
Елорданың сусыз қалған 2 sagt
Алматыда жүргізуші куәл 2 sagt
Асқазанның жедел қабын 2 sagt
Азан дауысы туралы шу — 2 sagt
Время - это иллюзия 2 sagt
А.Лукашенко 2020 жылы п 2 sagt
Франциядағы «Сары жейде 2 sagt
Маңғыстауда мас жүргізу 2 sagt
Бангладеште газ құбыры 3 sagt
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ 3 sagt
Калифорния штатында аты 3 sagt
Елордада «True or False 3 sagt
Алматыдан 327 шақырым а 3 sagt
Шымбұлақта шаңғы маусым 3 sagt
БҚО-да автокөлік аудары 3 sagt
Елорда полицейлері бейн 3 sagt
Пневмонияның алдын алу 3 sagt
Ақмола облысында ауылға 3 sagt
Ақтөбе облысында ауыл ш 4 sagt
Шаруаларға берілген арн 4 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Подагра жайлы білесіз 4 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 4 sagt
СҚО-да медициналық көме 4 sagt